Center Image
IHSAN.KZ
Рамазан - Құран айы

Құрметті, жамағат! Бірнеше жылдан бері еліміздің мешіттерінде тарауық намазында Құран хатым түсіру дәстүрі жалғасуда. Соңғы жылдардағы бір ерекшелік – ірі мешіттердің көпшілігінде әр кешкі тарауық намазында қасиетті Құранның бір парасы оқылуда. Бұл қарилер мен хафиздердің елімізде көбейе бастағанын білдірсе керек. Рамазан айы басталғаннан соңына дейін Қарағанды облыстық орталық мешітінде қарилер тарауық намаздарын өткізіп, құран хатым түсіріледі. Біздің сіздерге, яғни Қарағанды мұсылман қауымына тың жаңалығымыз бар. Біздің мешітте күніне төрт мезгіл құран хатым етіледі. Уақыты: сағат 11.00де, бесін, аср намазынан кейін және тарауық намазында. Рамазан айында Құранды хатым ету сүннет. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) бұл айда Жәбірейіл(ғ.с) періштемен бірге Құранды бастан аяқ оқып шығатын. Ислам ғалымдары да Құран түскен айда Қасиетті кітапты толықтай оқып шығу сансыз сауап екенін біліп, Құранды бір емес, бірнеше рет толық хатым етіп шығатын. Алла бізді де осындай сауаптарға кеңелтсін. Сондықтан да, құрметті бауырлар, сансыз сауаптан құр қалмайық, Қарағанды облыстық орталық мешітінде Құранды бірге хатым қылайық.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz