Тарауық намазы қалаулы құлшылық
Қарағанды облыстық орталық мешітінде сегізінші шілде күні Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлының уағызымен қасиетті Рамазан айының алғашқы тарауық намазы басталды. Сонау Мысыр елінен келген қари қонақтар Абдулмажид пен Шукролла бауырларымыздың жүргізілуімен тарауық намазында хатым түсіріле бастады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірнеше хадистерінде: «Кімде-кім Рамазан намазын (тарауықты) шын көңілмен сауабын Аллаһтан күтіп оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі», «Аллаһ рамазан айында ораза ұстауды парыз қылды. Мен сендерге рамазанның кештерінде намаз оқуды (тарауықты) сүннет қылдым. Кім Аллаһ Тағалаға шын көңілмен иман келтіріп, қарымын тек Аллаһтан ғана күтіп ораза ұстап, намаз оқыса (тарауықты) анасынан жаңа туғандай күналары кешіріледі» – деп, мұсылмандарды тарауық намазын оқуға құлшынтқан. Иман бұлағынан сусындай бастаған халқымыз мүбәрәк Рамазанда Алланың рақымына бөленуді үміт етіп, сауабы мол ізгі амалдарды атқаруға ниеттеніп отыр. Білмегендерін сұрап, бөліскен мұсылман қауымы дән риза болып тарқасты. Қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Ұстаған оразаларыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болып, Рамазан айында жасаған игі істеріңіз сауаптан жазылып, Алла тағала елімізге, жерімізге береке жаудырғай!
[gallery link="file"]
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы