Center Image
IHSAN.KZ
Мешітте жаңа таһаратхана құрылысы аяқталды

Қасиетті Рамазан айы баршаңызға мүбарак болсын! Қасиетті ай қарсаңында Балқаш қалалық мешітінің жанынан салынған жаңа таһаратхана құрылысы толықтай бітті. Таһаратхана ер және әйел кісілерге таһарат алатын толықтай жағдай жасалған. Ішкі қабырғалары керамикамен жабыстырлған, жуыну бөлме(душ) орнатылған. Халықтың пайдалануына жақын күндері беріледі. Сондай-ақ мешіт ауласына гүлдер отырғызылып, аралық жолдары қоқыстан тазартылып, ағаштардың бұтақтары кесіп жөнге келтірілді.Қазіргі кезде мешітте біршама жұмыстар жүргізілуде.[gallery link="file"]    


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz