Балқаш қалалық мешітінде ішкі тазалық, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Қасиетті Рамазан айы қарсаңында мешіт ішін қайта жаңартулар қолға алынды. Атап айтсақ, мешіт ішінің үлкен және кіші намаз оқитын бөлмелерінің кілемдері ауыстырылды. Алматы қаласынан жеткізілген 270 шаршы метр кілем төселді. Аллаға сансыз шүкірлер болсын, мешітімізге қол ұшын беріп көмек берген мешіт демеушісі Қазақмыс Корпорациясы ЗОЦМ басшысы Хафизов Ермек Батырқайырұлының ісіне береке, отбасына амандық берсін. Мешітіміздің жамағаты да ағамызға дұға етіп, шексіз ризашылықтарын білдіруде. Аллаһ разы болсын.[gallery link="file"]
Мешіт кілемі жаңартылды
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы