Center Image
IHSAN.KZ
Мүфтидің үндеуі шартарапқа насихатталуда
Мүфтидің үндеуі шартарапқа насихатталуда

Өкіл имам Өмірзақ Бекқожа қасиетті Рамазан айының қарсаңында облыстық телеарнадан барша мұсылмандарды ораза айының келуімен құттықтап,береке тіледі.Ораза тұтудың маңыздылығын айта келіп,Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің Қазақстан халқына жолдаған үндеуін жариялап,оқып берді.Бас муфтидің маңызды да мағыналы жолдауына қолдау көрсетіп,үндеуде айтылған мәселелердің іс жүзінде орындалуына бірауыздан атсалысуға шақырды.Қарағанды қаласының үштен бір аумағын алатын (Майқұдық)Октябрь ауданының әкімі Қайрат Баяндыұлы Бегімов барлық тауарлар мен қызмет көрсету тарифтерін 20%-ға арзандататынын мәлімдеді.Бұл хазрет көтерген игі істің іс жүзіндегі бастамасы деген сенімдеміз.

Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз хатшысы


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz