Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының қарсаңында ҚР-президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2013-жылғы Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген «Салауатты өмір салты- денсаулық кепілі» бағдарламасына орай, Қарағанды облыстық мешіті облыстық және қалалық әкімшілікпен бірлесе отырып «Исламда экстремизм мен лаңкестікке жол жоқ» атты акция өткізілді. Орталық саябақта ұйымдастырылған шара барысында 1500 м-ге жүгіріп өту (кросс) ойластырылған болатын. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы өңірде алғаш рет өткелі тұрған шараның басында сөз сөйледі.
Құрметті Қарағандылықтар және ардақты ағайын! Біз бүгін ата дініміз Исламның түрлі «изм»-дер мен адамзаттың ар-ожданын қаралайтын, бейбіт өмірдің шырқын бұзатын фитна, бүлік атаулымен еш байланысы жоқ екендігін паш етіп, осындай ізгі қадамдар арқылы дүйім жұртшылыққа негізгі ойымыз бен шынайы пікірімізді білдірейік деп ашық алаңда айтулы іс бастап отырмыз. Дәстүрлі дініміз өзіне де, өзгеге де қолымен, тілімен зиян келтірмеуді насихаттайды. Керісінше, адамзаттың арасында берекесіздікке бастайтын істерді айыптайды. Елде жат ағымдардың көбейіп, дін атын жамылып, Исламға қайшы әрекеттер жасауы халық арасында қорқыныш сезімін тудыруда. Ал, бұл үрейдің соңы мұсылман қауымына, жалпы Исламға деген шынайы сезімдерге селкеу түсіреді. Сондықтан әрбір мұсылман өзіне, қоғамға, қоршаған ортаға мейіріммен қарап, салауатты өмір сүруді басты мақсат етуі тиіс, деп жүрекжарды лебізін жеткізді. Одан соң Қарағанды облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқарма бастығының орынбасары Р.Дәулетұлы адам саулығы үшінмемлекетіміздің жасап отырған қамқорлығы мен салауаттылықтың салттарына тоқталып, жарысқа қатысушыларға жалынды сәлем жолдады. 1500 метр қашықтықты жылдамдықпен бағындырған жеңімпаздарға облыстық мешіттің атынан сыйлыққа қол сағаттар мен мақтау қағаздары берілді.
[gallery link="file"]
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы