Center Image
IHSAN.KZ
Рамазан айының қарсаңында жоспарлы жиын өтті
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы өңірге қарасты қала, аудан имамдарының басын қосып кезекті жиын өткізді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағы төралқа мәжілісінде қаралған он жеті мәселесін алға тартып, дін қызметкерлеріне маңызды міндеттер жүктеді. Он екі айдың құрметтісі болған, мұсылманның сағына күтіп алып, қимастықпен шығарып салатын Рамазан айындағы дайындық жұмыстары пысықталып айрықша тапсырма ретінде берілді. Атап айтқанда: -Бас мүфтидің «Дәстүрлі дінін сақтаған - ана сүтін ақтаған» мақаласын уағызға өзек етіп қосып, ел арасындағы насихаттау; -Имамдардың және мешіт қызметкерлерінің жұмысқа келіп-кету тәртіптері мен мешіттің ішкі-сыртқы тазалық, діни рәсімдердің орындалу барысы; -Көпшілік жүретін көрікті жерлерге және мешіттердің қабырғаларына рамазан айына қатысты баннерлерді кешіктірмей ілу; - Ауызашарға демеушілер қарастырып жамағаттың уақытылы ауыз ашуын ұйымдастыру; - Сайтқа ораза, тарауих жайында мақала салып отыру; -Тамыз айында Алматы қаласында өткізілетін қарилар жарысына 1,2,3,5,7,10,15,20 параларды жатқа оқитын қарилар дайындау; -Мешіт ішінде телевизор арқылы уағыз қойып отыру және түрлі тақырыптарда буклеттер тарату; -Уағыз-насихат тобы жыл соңына дейін жалғасатындықтан бекітілген кестеде көрсетілген имамдардың уақытылы барып отыруы; -Иман журналы мен Ислам ж/е өркениетке жазылуды осы кезден насихаттау; Осы және өзге де күнтәртібіндегі жайттар талқыланып, имамдардың алға қойған жоспарлы жұмыстарының ойдағыдай атқарылуы төңірегінде ұсыныс пікірлер тыңдалды. [gallery link="file"] ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz