Қарағанды облыстық орталық мешітінің қонақтарға арналған кіші залында өкіл имам Өмірзақ қажы жергілікті БАҚ өкілдерінің басын қосып, ресми мерекелерімен құттықтап мерекелік дастархан басында сұхбат құрды. Қонақтардың қатарында облыстық және қалалық телеарналардың тілшілері мен баспасөз қызметкерлері болды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей тапсырмасының аясында ұйымдастырылған мерекелік дастархан басында өкіл имам қазіргі діни ахуалдың барысы жайында кеңінен сөз қозғады. Дін- елді имандылыққа тәрбиелейтін үлкен құндылық. Мінажат үйлері көптеп ашылып көпшілік мұсылманның көзайымына айналды.Дін мен мемлекеттің негізгі мақсаты еліміздің есендігі мен халықтың ынтымақ бірлігі. Қасиетті дініміздің абыройын асқақтатып, беделін биіктетін іс-шараларда өз тараптарыңыздан ықпалдастық танытып жүргендеріңізге шынайы алғысымды білдіремін. Болашақ ұрпағымыздың санасын имандылық нұрымен нұрландыратын, рухани тәлім-тәрбиесін арттыратын танымдық істерде бұдан әрі әріптестік көпірін нығайта түсуді тілеймін. Қилы замандарда да жайнамазын жимай келген халқымыздың жанына жалау болайық. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ұжымдарыңызға береке бірлік, кәсіби шарықтау мен сәттілік, бақыт, шығармашылық ойлар және сарқылмас күш-ќуат тілеймін! – деп, жүрекжарды лебізін білдірген өкіл имам Өмірзақ қажы БАҚ өкілдерімен алдағы тұрған діни іс-шараларға қатысты жоспарларының негізгі мақсатарын да сөз етті. Меймандар да ықыласты отырысқа ризашылықтарын білдіріп, өздерінің орамды ойларын ортаға салып пікір алмасты. Шара соңынан облыстық мешіт атынан кітаптар мен түрлі сыйлықтар естелікке берілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша баспасөз қызметі
Бас имам БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтады
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы