Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы мен облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Дархан Асылтайұлы Алматы қаласына барған қызметтік сапары барысында аймақтан келген жастардың басын қосып, сұхбат құрды.
Облыс имамы университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, шариғи білімін шыңдап жүрген жастарға ақыл-кеңестерін бөлісті. Сондай-ақ әрбір студенттің әлеуметтік жағдайы, оқу барысы, үлгерімімен жекелей танысып, өтініш-тілектерін тыңдады.
Жиын соңында облыс бас имамы «Зекет және қайырымдылық қоры» жанынан әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге мүмкіндігінше степендия берді.
Сондай-ақ, білім іздену жолында жүрген студенттерге арнайы дұға жасады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы