Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ПІТІР БЕРУДІ ҰМЫТПАДЫҢЫЗ БА?
04 шілде, 2016 жыл 496 Басып шығару нұсқасы

Көрші апа өткен жылы ораза кезінде дүние салды. Барлық көрші-қолың, ағайын туыс жылап-сықтағанда менде жеңіл сезім болды. Апаның рамазан айында дүние салғанына іштей жұбаныш сездім. «Рамазан айында мерт болғандар – шейіттер қатарына кіреді» дегенді естігенім бар еді. Сондықтан болар, тосын келген ажал мені аса қорқыта қоймады.

Арада жыл өтті. Оразаның міне бүгін соңғы күні өтіп жатыр. Пітір садақа берілді ма? Әдеттегідей, пітірді қай кезде берген дұрыс деген сауал мазалады. Осы сәтте көрші апаның әрекеті есіме түсті. Ол кісі жылда ораза бастала салып алғашқы күні пітір беретін. Мен пітірді ай соңында берген дұрыс, айт басталғанда мешітке қаржылай қолдау болады деп түсінетінмін. Апаға да осыны айтып, райынан қайтарғым келетін, тіпті ашуланатынмын. Биылғы рамазанның алғашқы күні пітір садақа беру туралы хадис естідім. Ораза тұтқан адам пітір бермесе, тұтқан оразасы аспан мен жердің ортасында қалып қояды екен. Пітір садақаны бермесем, тұтқан оразамның қабыл болмайтыныдығын түсіндім. Әрі оны ертерек берген абзал екенін ұқтым. Уақытында апатайымның істеген амалдарының дұрыстығына көзім жетті.

Менде әле де уақыт бар. Бір күн. Бар жоғы бір-ақ күнім қалды. Осы уақытты тиімді пайдаланып, мен қазір-ақ мешітке барып, пітір садақамды беріп келемін. Ал, Сіз ұмытып кетпедіңіз бе?

 

Кәусар Сабыр

Балқаш қалалық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары