Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚҰРАН КӘРІМГЕ ҚҰРМЕТ ҚАЛАЙ КӨРСЕТІЛУІ КЕРЕК?
02 маусым, 2016 жыл 389 Басып шығару нұсқасы
  • Құран Кәрімді дәретпен қолға алу керек. Дәретсіз адам Құранды жалаң қолмен ұстай алмайды. Өйткені, Алла Тағала: «Оны (Құран Кәрімді) тап-таза болғандар ғана ұстайды», – деген (Уақиға сүресі, 79-аят).
  • Құран Кәрімді оқитын кезде мүмкіндігінше құбылаға жүз бұру қажет.
  • «Ә’узү билләһи минәш шайтанир ражим, бисмилләһир рахмәнир рахим» деп бастауы керек.
  • Құран Кәрімді өз дауысын еститіндей дәрежеде тәжуид ережелеріне сай оқу керек.
  • Құран оқылып жатқан кезде құлақ салып, тыңдау керек. Алла Тағала А’раф сүресі, 204-аятында былай дейді: «Құран оқылған кезде оған құлақ салып, үндемей тыңдаңдар. Бәлкім Алланың рахметіне қауышасыңдар».
  • Құран тыңдамайтындардың жанында Құранды дауыстап оқымау керек. Оқылмауы тиіс жерде Құран оқыған күнәға кіреді.
  • Құранның, не бір парағының болсын лайық емес жерде тұрғанын көрген адам оны ол жерден алып, лайықты орнына қоюы тиіс.
  • Құран аяты жазылған парақтарды құрмет көрсетіп, жоғарыда ұстауы тиіс.
  • Құран мұсхафын, Қара тасты, Қағбаның табалдырығын құрмет ретінде сүюге рұқсат.   

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары