Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚОШ КЕЛДІҢ ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН!
01 сәуір, 2022 жыл 114 Басып шығару нұсқасы

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

 

Қадірлі бауырлар! Баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шексіз Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын!

Баршам мұсылман асыға күткен Рамазан айы да келіп жетті. Осы қасиетті айдың келуімен әлем нұрға бөленгендей. Әрбір мұсылманның жүзінен қуаныш, көзінен ерекше нұр байқайсың! Бұл да бір Алланың адамзатқа берген нығметі. Қасиетті Рамазан айында жәннат қақпалары ашылып, тозақ қақпалары жабылады. Бұл айда – Құран молынан оқылып, дұғалар көп жасалады. Бұл айды оразамен, ғибадат-құлшылықпен өткеріп, Алланың мейірім-берекетінен молынан ұстап қалу керек. Себебі, бұл ай нөсерлеп жауған көктемгі жаңбыр іспетті, кім бақшасын соған дайындаса берекетін көреді, ал кім немқұрайлы болса, мақұрым қалады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) бір хадисінде: «Расында, әр адамға өзінің ниет еткен нәрсесі беріледі», – деген. Бұл – адам баласы өзінің ниетіне орай, мақсатына жетеді деген сөз. Кімде-кім сауабын Алладан үміт етіп, ораза ұстаса, күнәлары кешіріліп, Оның ризалығына бөленеді. Екі дүниеде де Алланың ризалығына кенелуден артық бақыт жоқ.

Ораза ұстаушы:

  • Әрбір ер және әйел мұсылманға парыз;
  • Ораза тұтушы адам мұсылман болуы керек;
  • Ораза тұтушының есі дұрыс болуы керек;
  • Балиғат жасына толған болуы шарт.

 

Ораза кірер бір күн бұрын ғұсыл алып, ниет етуі керек;

  • Таң намазы кіруіне 15 минут бұрын сәресі (таңғы шай) ішіліп бітуі тиіс;
  • Күні бойы ауызды астан, тілді өсек-аяңнан тыю керек.
  • Мүмкіндігінше мешіттерде намаз оқып, оған шама келмесе Аллаға зікір етіп, кешірім сұрап, дұға ету абзал.
  • Оразаны қаза етпеу, яғни себепсіз ауыз ашып тастауға болмайды. Әдейі жасалған қаза күндері үшін әрбір күнге 60 күн ораза тұтып, қазасын өтейді. Оразаның қазасы келесі ораза басталғанға дейін өтеліп бітуі тиіс;

Пітір садақа һижреттің екінші жылы Рамазан оразасы парыз етілген жылы уәжіп етілді. Пітір садақа мешіттерде жиналады. Ол отбасындағы әр адам басына өлшеніп есептелген. Биыл ол жан басына 500 тг болып бекітілді.

Рамазан айында түндердің төресі болған, мың айдан қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетінде береке орнайтын Қадір түні бар. Бұл - сауаптар еселеніп жазылатын ерекше, қасиетті түн. Алла Тағала «Қадір» сүресінде: «Расында Біз Құранды қадір түні түсірдік. Қадір кеші мың айдан қайырлы», – деп баяндаған. Осы түні жасаған құлшылықтарымыз 83 жыл жасалған мінәжәттің сауабына татиды.

Алла Тағала рамазан айын баршам халық үшін тазару және рухани толысу айы етсін. Құлшылық, ғибадаттарымызды қабыл етіп, толассыз сауап етіп қайтарсын! Оразаларыңыз қабыл болсын!

Нуров Махмуд қажы Нурұлы

Қарағанды қалалық  «Бала қажы» мешітінің  имамы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары