Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әл Машани мешітінде жазғы дәріс аяқталды
16 шілде, 2024 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

 Қарағанды қалалық "Әл Машани" мешітінде «Имани жаз 2024» атты жасөспірімдер арасындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курсты тәмамдаған бүлдіршіндерге мешіт имамдары  арнайы сертификат табыстап,   бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдірді. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған жазғы оқу лагерінде мектеп жасындағы балаларға ислам  әдебі, иман негіздері, Құран әліппесі секілді пәндер жүргізіліп, исламның алғышарттарын үйретті. Ата аналар разылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына алғыстарын білдірді. Марапаттау рәсімінен кейін балаларға сыйлықтар табысталды.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары