Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес бесін намазының алдында жүргізілетін уағыздар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Бұл жолы мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы жамағатқа Құран Кәрімнің «Худ» сүресіндегі 22–23-аяттарды түсіндіріп, олардың мән-мағынасына айтып берді.
Өз насихатында имам иман келтіріп, ізгі амал жасаған мұсылмандарға берілетін мәңгілік бақыт туралы айтып, жамағатты тақуалыққа және игілікке үндеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі