Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫДА КЕЗЕКТІ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚАРАҒАНДЫДА КЕЗЕКТІ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қарағанды қаласы мен Теміртау қаласында «Халал Даму» мамандары бірқатар кәсіпорында кезекті жоспарлы аудит жұмыстарын жүргізді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» ұйымының технолог маманы Айжан Омарова жүзеге асырды.

Аудиттің негізгі мақсаты – кәсіпорындардың халал стандарттары талаптарына сәйкестігін бақылау, өндірістік үдерістердің белгіленген талаптарға сай жүргізілуін қамтамасыз ету және өнім сапасын арттыру.

Тексеру барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, пайдаланылатын шикізат көздері мен дайын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты қаралды. Сонымен қатар санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуына, технологиялық тәртіптің орындалуына және өндіріс барысының белгіленген стандарттарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.

Аудит жұмыстарына «Халал Даму» ұйымының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы да арнайы қатысып, кәсіпорын өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар халал стандарттарын сақтау, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және талаптарды тұрақты түрде орындау мәселелері бойынша әдістемелік кеңестер берді.

Аудит қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарының талаптарын жетілдіруге бағытталған тиісті ұсыныстар айтылып, анықталған мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді.

Жоспарлы аудит аясында төмендегі кәсіпорындар қамтылды:

  1. «Tagam» асхана желісі, Бұқар жырау көшесі, 63/2.
  2. «Degirmen» қоғамдық тамақтану орны, Теміртау қаласы.
  3. «Ayan сүт» зауыты, Теміртау қаласы.
  4. «Salus және Davych».
  5. «Hani.brunch», Чкалов көшесі, 2.
  6. «Rice».
  7. «Hani.brunch», Гоголь көшесі, 68.
  8. «Lanzhou» қоғамдық тамақтану орны.
  9. «Degirmen» қоғамдық тамақтану орны, Бұқар жырау көшесі, 46.
  10. «Bauyrdaq» қоғамдық тамақтану орны, Бұқар жырау көшесі, 46/4.
  11. «Maki-maki» фастфуд өнімдері, ЦУМ сауда орталығы.
  12. «Parapa pizza» фастфуд орны, ЦУМ сауда орталығы.
  13. «Bauyrdaq» қоғамдық тамақтану орны, Кеншілер көшесі, 3/2.

«Халал Даму» ұйымы тарапынан жүргізілетін жоспарлы аудиттер халал талаптарының тұрақты сақталуын бақылауға, кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыруға және тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz