Ақтоғай аудандық мешітінің ұстазы Еркеназ Шалқарқызы әйел-қыздар жамағатына «Жүрек тыныштығы» тақырыбында рухани семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында қатысушыларға жүрек тыныштығының маңызы, рухани кемелдену, сабыр сақтау және Алла Тағалаға тәуекел етудің мәні туралы тағылымды насихат айтты.
Кездесу барысында әйел жамағаты рухани тәрбиеге қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Семинар қатысушыларға рухани серпіліс беріп, имандылықты нығайтуға бағытталған пайдалы басқосу болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы