Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында көшет отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Игі іске мешіт жамағаты белсене атсалысты.
Шара барысында қатысушылар көшет отырғызып, мешіт аумағын көгалдандыруға үлес қосты. Бірлескен еңбек қоршаған ортаға жанашырлық танытуға, табиғатты аялауға және қоғамдық орындардың көркеюіне ортақ жауапкершілікпен қарауға бағытталды.
Көшет отырғызу — айналаны көріктендірумен қатар, келешек ұрпаққа жасыл желекті орта қалдыруға бастайтын ізгі іс. Мұндай бастамалар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, тазалық пен ұқыптылықты күнделікті өмір салтына айналдыруға ықпал етеді. Сондай-ақ жамағаттың ынтымағын нығайтып, көпшілікке пайдалы іске жұмылуына мүмкіндік береді.
Табиғатқа қамқорлық таныту мен айналаны таза ұстау — дінімізде дәріптелетін асыл құндылықтар. Осы құндылықтарды нақты іспен ұштастырған мешіт жамағаты «Таза Қазақстан» акциясына өз үлесін қосты.
Игі шараға қатысып, ортақ іске қолдау білдірген барша жамағатқа алғыс білдіреміз!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы