Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жүз күнәні өшіріп, жүз сауап жазылатын сөз
29 маусым, 2020 жыл 2633 Басып шығару нұсқасы

«Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһу-л-мулку уә ләһу-л-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир».

Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ. Ол Жалғыз, әрі Оның серігі жоқ. (Бүкіл) Билік Онікі, әрі (барлық) мақтау-мадақ Оған лайық, әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді». (Бұл сөздерді күнделікті таңертең 100 рет қайталау керек немесе адамды жалқаулық басқан кезде 1 рет айту керек).

-  Оларды күні бойы жүз рет айтқан адам он құлды босатқанмен тең болады және оған жүз iзгiлiктi істер жазылып, ал жазылған жүз жаман істері өшіріледі. Бұл сөздер оған күні бойы кешке дейін шайтаннан қалқан болады, әрі оларды жүз реттен көбірек қайталаған адамды санамағанда, ешкім осыдан лайықтырақ іс істей алмайды». (Бұхари).

«Аллаһуммә, инни әс-әлукә ‘илмән нәфи’ан, уә ризқан тай-ибән, уә ‘амәлән мутәқаббәлән!»

Аудармасы: «Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын!» (Таңертең айтылады.)

«ӘстәҒфиру-Ллаһа уә әтубу иләйһи».

Аудармасы: «Мен Алладан жарылқау тілеймін әрі Оған тәубе етемін» (Күніне 100 рет айтылады).

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары