Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әйеліңді бұл үйге жіберіп тұр
17 маусым, 2019 жыл 1171 Басып шығару нұсқасы

Ислам дінінде ата-ана мен туысқан ақысына жіті назар аударылған. Ата-аналарының ақысына мəн беру тұрғысынан жігіт пен қыздың міндеттері арасында айырмашылық жоқ. Бұл ақы екеуінің де мойнында бар. Тек қана қыз тұрмыс құрғаннан кейін күйеуіне бағынышты болғандықтан, əлеуметтік жағынан ата-анасына көмектесе алмайтындығы үшін жауапты емес. Дегенмен, ата-анасын, туысқандарын көру, өскен ұясына барып тұру əйел кісінің құқы. Сондықтан күйеуі əйелінің бұл құқығына шектеу қоя алмайды.

Ханафи мəзһабы бойынша, егер келіннің төркіні жақын жерде, яғни бір қалада немесе бір ауылда болса, онда келінге ата-анасына аптасына бір мəрте баруына рұқсат берілуі керек. Əйелдің ата-анасы басқа дінді ұстанатын кісілер болса да, бұл үкім күшін жоймайды.

Егер ата-анасы күйеу баласының үйіне өздері жиі келіп-кетсе, онда күйеуі апта сайын əйелін жібермеуіне құқы бар. Егер қыздың төркіні басқа қалада болса, онда оның телефон немесе хат арқылы ата-анасымен хабарласып тұруы жеткілікті. Мұндайда əйелі ең қажет жағдайда немесе орайы келген кезде ғана төркіндете алады.

Ал туысқандарға келетін болсақ, ол да Ислам діні маңызды деп санаған мəселенің бірі. Осыған орай Пайғамбарымыз (с.а.у.):

لاَ یَدْخُلُ الْجَنَّةَ قَاطِعُ رَحِمٍ

«Туысқандық қарым-қатынастарға мəн бермей, оны үзген адам жəннатқа кірмейді», – дейді. Хадистегі «Жəннатқа кіре алмайды»деген сөзді ғалымдар екі мағынада түсіндіреді. Біреулер мұндай адамдар жəннатқа бірден кіре алмайды, осы күнəларының жазасын өтегенге дейін тозақта қалады десе, екінші біреулері туысқандармен қарым-қатынасты үзудің харам екенін біле тұра, бұған мəн бермеген адам харамды адал деп қарайтын болса, жəннатқа кіре алмайды деген тоқтамға келеді. Олар харамды адал деп санау, күпірліктің күпісін кигізетінін алға тартқан.

Дінімізде туысқандық қарым-қатынасқа қатты мəн берілгендіктен, ерлі-зайыптылар бір-бірінің туысқандарына көңіл бөліп, құрмет көрсетулері тиіс. Ері зайыбына, зайыбы еріне туысқандарынан бас тартуын талап ете алмайды немесе қарым-қатынасты тоқтатуға үгіттеуіне болмайды. Туысқандармен арадағы қатынастың сууына алып келетіндей амал-шараларға да тыйым салынады. Сондықтан əйел туысқандарына (үйленуіне болмайтындай жақындықтағы туыстарына) жылда бір мəрте барып тұруға құқылы.

Туысқандармен қарым-қатынас орнату, сəлем беру, əңгімелесу, сыйлық ұсыну, жəрдем ету, реті келгенде үйіне қыдырып бару, араласпай кеткен туысқандарды іздеу, жамандық жасаған туысқандарға жақсылық жасау, жалпақ тілмен айтқанда «таспен ұрғанды аспен ұру» секілді кішіпейіл əрекеттерге бару, олардың қателіктеріне кешіріммен қарау жатады. Бұлар мұсылмандық көркем мінезге тəн талаптар. Бірақ бұл істердің мақсатында Алла тағаланың разылығы көзделуі тиіс. Оның тысында дүниелік немесе жеке мүдде, қара бастың қамы көзделмеуі керек.

Ер кісі өз шаңырағын сақтау үшін үйіне жаман ниетпен бас сұғатын, отбасын бұзуды көздеген туыстары немесе осы ойларын іске асыруға талпынған арам пиғылды жақындарының келуіне тыйым салуға қақы бар.

http://hibatulla.kz/ru/analityc_598.html

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары