Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымыз ﷺ Айшаның ашуланғанын осылай білетін
04 қыркүйек, 2020 жыл 651 Басып шығару нұсқасы

Отбасы болғандықтан Айша анамыздың да ренжитін сәттері кездесетін. Бұл жағдайын пайғамбарымыз ﷺ оның әрекеттерінен байқап, мәселені жақсы шешуге тырысатын. Бір күні жұбайына былай деді:  

Мен сенің маған риза не ашулы екеніңді бірден білемін. Анамыз таңданып:

Мұны қайдан шығардыңыз, қалай білесіз? – деп сұрады.

Маған риза кездеріңде «Мұхаммедтің Раббысына ант етемін» деген сөзді айтасың, ашулы кезіңде «Ибраһимнің Раббына ант етемін» дейсің!

Иә, оныңыз рас, -деп анамыз мойындады да «Уаллаһи, шындықты айтасыз. Алайда, енді уәде беремін, бұдан былай сіздің атыңыздан басқаны аузыма алмаймын!», - деген екен.

(Бухари, Никах 107 (1930); Мүслим,Фадаилус сахаба; Мүснәд, Мүснәд 6\61 (24363)

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары