Мұхаммед Пайғамбардың ﷺ көзін көрген, артынан ерген сахабалардың 14-і қара нәсілділерден болған. Оның ішінде Алла елшісіне ең жақындары мыналар болды:
Біләл – Әбу Бәкірдің азат еткен құлдарының бірі. Мұсылман қауымының алғашқы азаншысы. Һақ дінді қабылдап, Алла жолындағы күресі үшін талай қиындыққа душар болған сахаба. Бірде Алла елшісі Жәннатта аяқ киімінің тысырын естідім деп, Біләл Хабаши қуаныштан жылаған екен. Ол Дамаск қаласында жерленген.
Нәджаши – Пайғамбарымызды ﷺ ешқашан жүзбе-жүз көрмеген, оның қасында болып, Алла жолында бірге күреспеді де. Бірақ, ол – Медиенеде Пайғамбарымыздың жаназа намазына қатысқан эфиопияның патшасы. Нәджаши пұтқа табынушылардың қатыгездігінен қорғану үшін Пайғамбарымыз ﷺ Эфиопияға жіберген мұсылмандарға бас сауғалайтын жер берген. Солармен кездескеннен кейін патша исламды қабылдаған көрінеді.
Усама бин Зәйд – Зәйд бин Хариса мен Үмми Айманның баласы. Үмми Айман Алла елшісінің сүт анасы. Усама –ислам әскерінің қолбасшысы болды. Расулалла оны бала кезінен жақсы көреді. 15 жасында өзінің қалауымен соғысқа аттанған. 20-аға таяған жасында Алла елшісі оны византиялықтарға қарсы соғыста қолбасшы етіп сайлайды.
Уахши – исламға дейін Ухуд шайқасында Мұхаммедﷺ пайғамбардың ағатайын өлтіреді. Һақ дінге келгенше эфиопиядан шыққан құл болды. Алла елшісі оның кәлимасын қабыл алғанымен, оны көрген сайын ағатайының өлімі есіне түсе, бергендіктен, көзіне түспеуін ескерткен.
Сад әл Әсуад – бұл қара нәсілді адам болғандықтан, өзіне ешкім қызын бергісі келмейтінін айтып, Пайғамбарымызға шағымданып келген. Сонда екі дүние сардары сахабаларының бірі Амрдың қызының қолын сұрауға жібереді. Бұл некеге Амрдің өзі қарсы болғанымен, қыз Алла елшісінің өтінішінен бас тартудан қорқып, қабыл алады. Екеуі үйленісімен, соғыс басталып кетеді. Әсуад Пайғамбарымыз ﷺ танып қойып, жоырққа шығармай қояды деп, беті басын бүркеп, Алла жолында шейіт болады. Пайғамбарымызﷺ: «Сүйікті сахабаларымның бірінен айырылғаным үшін жыладым, бірақ оның Алланың алдындағы дәрежесін көргенімде жүзіме күлкі үйірілді» , - деген.
Пікірлер