Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дәрет алғанда ескере жүріңіз!!!
14 ақпан, 2017 жыл 11116 Басып шығару нұсқасы

Әр қашан дәретпен жүруді жалғастыра беру.

Бұл жақсы мінезді әдетке айналдырудың пайдасы мол. Мысалға, дәретпен істелінетін салих амалдарыдың қайсыбірін қаласа, қай жерде болсын одан пайдалана алады. Жамағатпен намаздан бастап жаназа намазына да қатыса алады, қалаған кезінде Құран Кәрімді ұстап, оқи алады. Дәреті болып қайтыс болғандар шәһидтік дәрежесіне ие болады.

Расулаллаһ (с.ғ.с) Хазрет-и Әнес б. Мәлікке (р.а) былай бұйырды:

«Иә, Әнес! Саған өлім періштесі келген кезде сенің дәретің болса, шәһидтік дәрежесінен тыс қалмайсың».

Дәрет «Бисмиллаһпен» басталуы керек. Алла елшісі (с.ғ.с) былай бұйырды:

–«Бір кісі Алланың есімімен дәрет ала бастаса денесінің барлығын тазартқан болады. Егер Алланың есімін зікір етпейтін болса, тек қана дәрет алған мүшелерін тазартқан болады ».

Дәретті тәртіп бойынша орындау керек. Қылдың жіңішкелігіндей жер жуылмай қалып қойса, дәрет болмайды.

Бір мүшені жуып, келесі мүшені де тоқтамай жууды жалғастыра беру керек. Яғни, бірінші жуылған мүше құрғамай тұрып, егер бір мүше құрғаса, сосын келесі мүшені жуса дәрет болады, бірақ сүннетке қарсы бір әрекет болады.

Егер бір кісінің тырнағына ұн құрғаған болса, бояу жағылса оның ішіне су бармай тұрса, дәрет алған болмайды. Алдымен жуып тазалау керек.

Мәжбүрлік болмағанша адамның өзі дәрет алу керек. Суды қолдануда біреуден жәрдем сұрамау керек. Содан соң дәретте дүниенің әңгімесі айтылмау керек.

Су қанша мол болса да, ысырапқа жол бермеу керек. Мүшелерді керегінен аз жуып немесе үш реттен артық жумау, суды бетке қаттылап сеппей, қолданып жатқан суға үрлемей ауыз бен көзді қатты жаппау қажет. Егер көзді қатты жапса кірпіктерге су жетпесе дәрет болмайды.

Егер сақина мен білезік кең болса, су мүшенің бәріне жетіп тұрса, оны орнынан қозғау мустахаб деп айтылған. Егер тар болып, денеге жабысып тұрса ,оны орнынан қоғамағанша ол мүше дұрыс жуылмайды.

Бір дәретпен егер ол бұзылмаса, бірнеше уақыттың намазын оқуға болады. Бірақ әрбір намаз үшін бір дәрет алудың сауабы көп.

Дәрет алынып болған кезде «Инна әнзәлна» және төмендегі дұғаны оқысын:

«Аллахуммә жәләни миннат тәуабин уәжәләни минәл мутатахирин уәжәләни мин ибадикә сәлихин уә жәләни минәл ләзинә ла хауфун алейһим уә лахум яхзанун».

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары