Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әбу Ханифаның тапқырлығы
30 қыркүйек, 2019 жыл 951 Басып шығару нұсқасы

Имам Ағзам Әбу Ханифаға үш адам келеді. Біреуі атеист, екіншісі муғтазила сектасының, үшіншісі жабрия сектасының өкілі. Атеист былай деп сұрақ қояды:

“Алла  бар дейсің, ал бар болған нәрсе көрінуі керек. Бар болса, дәлелдеп бер.”

Ақылдысымақ болған муғтазила сектасының өкілі болса былай деп сұрайды:

“Жаһаннамда отпен азап беріледі. Ал шайтан оттан жаралған. Шайтанға от қалай әсер етпек? От отты күйдіре ме?”

Жабрия сектасының өкілі де былай дейді:

“Сен «ирада-и жузия  бар. Адам тағдырына мәжбүр емес, ерікті» дейсің.  Барлық нәрсенің жаратушысы Алла жазған болса, адам неге есеп-жауап береді?”

Имам Ағзам Әбу Ханифа жерден үш уыс дымқыл топырақ алып домалақтап әр қайсысына бір-бірден ұрып шығады. Үшеуі де жағдайды қазыға айтып шағымданады. Қазы Имам Ағзам Әбу Ханифадан  неге балшықпен ұрғанын сұрайды.

Имам Ағзам Әбу Ханифа былай деп жауап береді:

Бұлар маған сұрақ қойды, мен де оларға жауап бердім. Атеист Алла бар болса, бар болған нәрсе көрінуі керек деген еді. Топырақ басымды ауыртты деді, ауру бар екен, олай болса ауруды көрсетуі керек. Ауруын көре алмаған адам, Алланы қалай көреді. Атеисттің ақылы жоқ, бар болса көрсетуі керек. Рух та ақыл сияқты көрінбейді, бірақ жасағандарынан аңғарылады. Ғаламның бар болуы да оның бір жаратушысы бар екендігін көрсетеді.

Мутазила болса, өзі топырақтан жаратылған болса да топырақтан таяқ жеді. Топырақ топырақтан әсерленгені секілді от та оттан әсерленеді. Темір кесетін ара темірді кескені секілді от та отты күйдіреді.   

Жабрия болса, барлық істі Алла жасатады деген еді. Олай болса ол топырақты мен емес Алла лақтырды, неге енді маған шағымданады? Ол осы шағымдануымен өзінің өтірігін өзі ашқан болды.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары