Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мынаның сәждеде көп жатуын қарашы
31 қаңтар, 2017 жыл 1088 Басып шығару нұсқасы

Бір күні мешітке бір кісі намаз оқуға кіреді. Үстінен жұпар иіс шығып, әдеміленгені көрініп тұр. Екі ракағат намазын оқуға кірісіп, алдыңғы қатарға тұрады. Сонда артқы жақтан:
- Мынау әлгі бұзақы емес пе? Намаз оқып қапты ғой өзі, - десе, енді біреуі:
- Қайбір намаз оқып жатыр дейсің, ел көрсін деп, елдің көзіне жағымпазданып оқып жатқаны да, - деген ойды айтады. 

Намазын ұзартып, барынша байыппен оқуға тырысып, күнәларына кешірім сұрап жатқаны көрінеді, сәждеде біраз уақыт болады. Әлгі арттағылардан тағы да:
- Мынаның сәждеде көп жатуын қарашы, - дейді. Парыз намазға қамат айтыла бастаса да әлгі жігіт сәждеден тұрмайды. Жамағаттың ішінен бір кісі келіп:
- Тұрсаңшы енді, намаз басталды, бұлай өтірік намаз оқыма!, – деп қолынан ұстап тұрғызса, бұл жігіт сәждеде жатып жан тапсырған екен.

Иә, адам туралы асығыс шешім шығару дұрыс емес әрине. Адамның соңғы амалы ахиреттегі жағдайының нәтижесі. Сол үшін үнемі: «Аллаһым, амалдарымыздың соңын қайырлы ет!», - деген дұға жасайық.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары