Пайғамбарымыздың (салаллаһу ъәлейһи уәссәләм) хадисінде: «Кімде-кім намазға жалқаулық етіп, немқұрайлы қараса, ол адамға Алла тағала 15-түрлі жаза береді. Олардың 6-уы осы дүниеде. 3-уі өлер кезде қабірде. 3-уі қабірден шыққан соң», - делінген.
Солардың ішінде, осы дүниеде алатын 6-жаза:
1. Ол кісінің дүниесінде, өмірінде береке болмас.
2. Алла тағала ол кісінің жүзінен нұрын кетірер.
3. Істеген істеріне сауап жазылмас.
4. Алла тағала ол кісінің дұғасын аспанға көтермейді.
5. Осы дүниеде адамдар арасында абыройсыз болар.
6. Ол кісі үшін біреудің еткен дұғасы қабыл болмас.
Жан тапсырар кездегі 3 жаза:
1. Жан тапсырар кезде қатты қиналар.
2. Барша дүниенің тамағын берсең де аш болып өлер.
3. Дүниедегі бар теңіздің суын берсең де, сусап, шөлдеп өлер.
Қабірде көретін 3 түрлі жаза:
1. Қабірі тар болар.
2. Қабірінің іші от болар.
3. Қабірде «шужағу-л ақрағ» деген жылан шағып азаптар.
Оның көзі оттан, тырнағы темірден, тырнағының ұзындығы бір күндік жолдай, даусы күркілдеген күндей қатты болар. Ол айтар: «Алла тағала сені таң намазын оқымағаның үшін бесін намазына дейін, бесін намазын оқымағаның үшін аср намазына дейін, аср намазын оқымағаның үшін шам намазына дейін, шам намазын оқымағаның үшін құптан намазына дейін тұрып азаптауды бұйырды». Азаптаушы жылан әрбір ұрғанында күнәһар адам алпыс қарыс жердің астына дейін кіріп кетер. Жылан тырнағын қайта суытып алып, қайта ұрар. Осылайша қиямет күніне дейін намаз оқымаған адамды азапқа салар.
Қиямет күні көретін үш түрлі азабы:
1. Ол кісінің жүзін қатты отқа күйдірер.
2. Есеп-қисап берер кезде Алла тағала ашулы көзбен қарар.
3. Алла тағала ол кісіге қатты есеп қылар да, тозақ отына тастауға әмір ет
Пікірлер