Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Баланы сүндеттеу – игі дәстүр
05 мамыр, 2023 жыл 545 Басып шығару нұсқасы

   «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші дана халқымыздың өзіне  тән тұрмыс-тіршілігі, күнделікті күйбең тіршілігі, салт-санасы,  әдет-ғұрпы, бар. Біз айтып отырған салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, тарих тағылымында өзіндік із қалдырып жатады.  Бірақ ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес.  Ұл баланы сүндетке отырғызу дін, дәстүрімізде орны қандай?  Бүгінгі қазақ қоғамында сүндетке отырғызу қалай өтіп жатыр? Сүндетке отырғызған балаға қандай жөн-жоралғылар жасалып жатыр? Ол дәстүрге сай келе ме? Осы сауалдарымызды тарқатып көруді жөн көрдік.  

Ұл баланы сүндетке отырғызу  -  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  сүннеті.  Ұл баланы сүндетке отырғызу - әр ата-ананың жалпы мұсылман қауымының үлкен парызы дейміз. Үлкендердің мойынындағы үлкен жүгі һәм міндеті. Қазіргі күні ұл баланы сүндетке отырғызу рәсімін  көбінесе хирург- дәрігерлер өткізеді. Сүндеттеу – көп аурулардың алдын алады.  «Көзі ашық, көкірегі ояу» дегендердің дені медицинаға жүгінеді. Баланы ойнатып барып-ақ, ауыртпайтын екпені салып, лезде сүндеттеп береді. Ұзаққа созылмайды. Медицина саласының дамығандығының дәлелі сүндетке отырғызу процесі қауіпсіз әрі қиындықсыз өтіп жатады. Сүндеттелмеген  баланың жыныс мүшесінің ұшында  инфекцияның пайда болуы  ғылыми тұрғыда дәлелденгенін естен шығармаған жөн. Бұл ретте  кейбір жандар «Мұсылман болған құтты болсын!», «Ендігі жерде сен мұсылмансың» немесе «Жігіт болды!» деп құттықтап жатады. Әрине баланың өміріндегі маңызды шағында бұл құттықтауларға көбісі мән бере бермейді. Бұл жерде әрбір жанның білгені абзал болар, адам дүниеге мұсылман болып келеді емес пе!? Сүндетке отырғанда ғана мұсылман болады деген түсінік не қағида болмауы тиіс.

Әріқарай өзге елдердің дәстүрі өз алдына. Дін-дәстүріне бекем дана қазақ халқымыз ұлын үш не бес, жеті жасында сүндеттеп жатады. Халық арасында бала туған күннен соң жетінші күні сүндетке отырғызып алатындар да кездеседі. Біздің қазақ халқымыз сүндетке отырғызған күні-ақ, жақын  ағайынды, көрші-қолаңды жинап дастархан жайып жатады. Бір Қазақстанның өзінде әр өңір әртүрлі атап өтіп жатады. Бір аймақта балаға түрлі тәтті, ақша ұстатып жататындары да болады. Бұл да болса баланың бойындағы уақытша ауырсынуды сәл де болса ұмытса екен деген ниет. Немес баланың көңілін аулау. Бір өңірлер баланың сүндетке отырғызған күнін шағын дастархан жаюмен шектесе, оңтүстік, батыс өңірлері сүндеттеудің соңын дүбірлі тойға ұластырып жатады. Ұлан-асыр той, көкпар беру, ақша тарату сынды дүйім елге арнап жатады. Бұл тойда сүндеттелген балаға  арнайылап  тай не ат мінгізіп жатады.  Бұл жерден қазақтың сүндеттеу рәсімін тойлау арқылы дәстүрге айналдырып алғанын байқаймыз. Бір қарағанда барлығы мәз-мейрам, қуанышты бөлісіп құттықтау айтып жатады. Ол да болса өмірдің өзгеге  айырбастамайтын  өзіндік қызықшылығы деуге келеді.

Игі дәстүрді айта келе қаза халқы   Пайғамбар (с.ғ.с.)  сүннетіне амал етті деп айтуға толық негіз бар. Асыл дініміздің: Алла Елшісі Хасан мен Хусейн туылғаннан кейін жетінші күні оларды сүндетке отырғызды», - деген хадистерде кездеседі. Оның ішінде  (Әл-Муджам ас Сағир ат-Табарони). Әбу Һұрайра (р.а.) жеткізген хадисте адам жаратылысының табиғи қажеттілігі ретінде мына бес нәрсе: сүндетке отыру, мұртты басу, қолтық пен ұятты жерді түктен таза ұстау, тырнақ алуды  атаған.

Құрметті оқырман біз ауқымы кең тақырыпты мейілінше  тарқатып айтып көрдік. Сіздің қандай қосарыңыз бар?

Ермахан Оралбай Әділбекұлы,

Қарағанды қалалық  "Әл-Машани" мешітінің наиб имамы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары