«Кімде-кім жәннат тұрғындарының жүзін көріп көзайым болғысы келсе, Уруаһ ибн Әз-Зүбәйрге қарасын».
(Абдүлмәлик ибн Мәруан)
Батуға таяп қалған күннің соңғы шапағы Алланың қасиетті үйін алтынмен апталған өрнекті қабырғадай безендіріп тұр. Кәғбаны тауаф қылып жүрген Алла елшісінің (с.ғ.с) жер бетінде қалған сахабалары мен үлкен тәбиғиндердің «Алладан басқа тәңір жоқ» деген тәһлилдері мен әлемдердің Иесін дәріптеген үндері ауаға әтір шашып тұрғандай болды, олардың салих дұғалары шартарапты толтырып жатты. Мешіттің ішінде адамдар ұлығ Кәғбаны айнала қоршап, ерекше құрмет білдіріп отыра бастады. Ауыздарынан ешқандай бос сөз немесе күнәға бастар сөз шықпай, әңгіме-дүкен құрып отырғандардың Кәғбаға көзі тоймай қараған сәттегі, жанарларынан тек қана көне үйді көруге болатын еді. Кәғбаның «Иемен тірегі» деп аталатын қабырғасына таяу жерде жүздері нұрлы төрт жігіт отыр. Аппақ киім киген, үстерінен әтір иісі аңқыған, бір-біріне деген көңілдері кіршіксіз таза осы бір әулеттің жігіттері мешіттің ақ көгершіндері сияқты еді.
Олар – Абдұллаһ ибн Әз-Зүбәйр, оның інісі Мұсғаб ибн Әз-Зүбәйр және олардың екі бауыры Уруаһ ибн Әз-Зүбәйр мен Абдүлмәлик ибн Мәруан. Тақуа жастар баяу үнмен шүйіркелесе сөйлесіп отырды. Кенет, олардың бірі «Әркім Алладан тілегенін сұрасын», - деді. Олардың қиялдары көк әлемінде самғап, армандары жәннат бағын кезді.
Біраз уақыттан кейін тыныштықты Абдұллаһ ибн Әз-Зүбәйр бұзды.
–Менің тілегім – Хижаз аумағына иелік қылып, Халифаһ болу, - деді ол. Оның бауыры Мұсғаб:
Уруаһ ибн Әз-Зүбәйр үн қатпады, ешнәрсе айтқан жоқ. Достарының бәрі енді соған қарады.
Пікірлер