Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ
20 қазан, 2021 жыл 234 Басып шығару нұсқасы

Қазақ халқында: «Қонақ келсе қой егіз табады»,- деген нақыл бар. Мұнымен халқымыз мейман түскен отбасында бір жақсыдық, қуаныш болады  деп сенген.

         Дүние жүзі халықтарының да бір-бірінен ерекшелейтін игі қасиеттердің бірі де осы-қонақжайлық болса керек. Бұл ізгі қасиет қазақ халқының бойына ерекше қалыптасып, қанына сіңген нәрсе. Ата-бабамыз күн-түн демей құдайы қонағы келсе алдына асын қойып күткен. «Қонақ келсе құт келер»,- деген сөз де бекерден бекер айтылмаған.

         Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, қонағын күтсін, оған жақсы мәміледе болсын» ,- деп өсиет еткен. (имам Бухари)

Қонақты құт – береке шақырушы деп білген Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ешуақытта меймандарын ренжітпейтін. Тіпті әрбір қонағын Құдайдың жіберген сыйы деп білетін.

Халық нақылында қонақтың құрметін білдіретін «қырықтың бірі – қыдыр», «қонақтың өз ырыс-несібесі, құт-берекесі бар» деген сияқты ұғымдар қалыптасқан. Мейман бейтаныс болса да, үйдің төріне шығарылып қонақ хағы беріліп, құрмет көрсетіледі.

Мұсылман адам әр ісінде әдептілікті ту етеді. Қонаққа барудың, жалпы зияратын әдептеріне тоқталар болсақ:

1-Шынайы ниет:

2-Бір үйге баруды жиілетпеу:

3-Пайдалы отырысқа айналдыру:

4-Келер уақытты алдын ала ескерту:

5-Шектен шықпау:

6-Кетерде рұқсат сұрау, алғыс айту

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Меймандостық (жасау уақыты) үш күн, оған (мейманға) сыйлық – бір күн», ал одан артығының бәрі ол үшін – садақа»деген. (Муслим, Тирмизи).

Қазақ атамыз: «Үй іші толған жансың, бір-біріңе мейман жансың» деген. Бір үйден шықса да отауы бөлек жақын туысыңнан бастап, дос, жекжат, серіктес, мейлі бейтаныс болсын үйіңізге келсе, сол сізге қонақ болып саналады.

Алла Елшісі ардақты пайғамбарымыз(с.ғ.с.): «Аллаға және ақырет күніне сенген адам қонағына сый-сыяпат көрсетсін» деп әмір еткен. Яғни, қонақты барынша құрметтеу, күту исламда да үкім етілген. Бұл салт халқымыздың бай дәстүрімен астасып жатыр.

 

Қарағанды облысы,

Осакаровка ауданы

«Тоқа Байғозы» мешітінің имамы

Жоламан Яхияев

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары