Нұра аудандық көпсалалы колледжінде жастардың рухани тәрбиесін нығайту, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және имандылыққа баулу мақсатында «Жастар – руханият шамшырағы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында жастардың рухани дамуы, өмірде дұрыс бағыт-бағдар таңдауы, білім мен тәрбиені қатар ұштастыруы, ұлттық және рухани құндылықтарды бойына сіңіруі жөнінде тағылымды насихат айтылды.
Сонымен қатар, қатысушылар тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Шара жастарды ізгілікке, жауапкершілікке және қоғамға пайдалы тұлға болуға тәрбиелеуге бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы