Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жылдық жоспарына сәйкес, «Рухани кітап» жобасы аясында Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жазушы Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» повесі талқыланды.
Мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы аталған шығарманы мешіт ұжымына таныстырып, оның тәрбиелік мәні мен мазмұнына тоқталды.
Шара барысында мешіт ұжымы шығарманы оқып, ондағы адамгершілік, мейірімділік, бауырмалдық және рухани құндылықтар төңірегінде пікір алмасты.
Игі шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани танымды кеңейту және ұлттық әдебиетті насихаттау.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы