Center Image
IHSAN.KZ
АҚТАС КЕНТІНДЕ «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
АҚТАС КЕНТІНДЕ «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қарағанды облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы Саран қаласына қарасты Ақтас кентінің мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ас беру мәдениеті» құжатын таныстырды.

Кездесу барысында құдайы ас беруде ысырапшылдыққа жол бермеу, қарапайымдылықты сақтау, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және той мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен насихатталды.

Шараға Ақтас кенті мешітінің дін қызметкерлері мен мешіт асханасының қызметкерлері қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – ас беру мәдениетін жүйелеу, ысырапшылдықтың алдын алу және ұлттық дәстүрлерді діни құндылықтармен сабақтастыра отырып насихаттау.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz