Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ «ХАЗРЕТ ӘЛИ» МЕШІТІ ҚМДБ МЕНШІГІНЕ ӨТКІЗІЛДІ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ «ХАЗРЕТ ӘЛИ» МЕШІТІ ҚМДБ МЕНШІГІНЕ ӨТКІЗІЛДІ
Қарағанды қаласындағы алғашқы мешіттердің бірі – «Хазрет Әли» мешіті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) меншігіне өтеусіз берілді.

Атап айтқанда, жүргізілген келіссөздер мен өзара түсіністіктің нәтижесінде мешіттің бұрынғы иесі Жағыппар Берік аталған діни нысанды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының меншігіне өтеусіз табыстады.

Осылайша, бұған дейін жеке меншікте болған «Хазрет Әли» мешіті ҚМДБ қарамағына өтті.

Айта кетейік, Қарағанды қаласындағы алғашқы діни нысандардың бірі саналатын «Хазрет Әли» мешітінің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының меншігіне өтуі өңірдегі діни қызметті біріздендіруге, мешіт жұмысын жүйелі түрде дамытуға және жамағатқа көрсетілетін рухани-ағартушылық қызметтің аясын кеңейтуге мүмкіндік бермек.

Бұл игі бастама – өңірдегі мешіттердің бірлігін нығайтуға, діни қызметтің үйлесімділігін арттыруға және жамағат игілігі жолындағы жұмыстарды одан әрі жандандыруға бағытталған маңызды қадам.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz