Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінде жас жеткіншектердің діни сауаттылығын арттыру және рухани тәрбиесін жетілдіру мақсатында арнайы діни сауат ашу дәрістері басталды.
Дәрістер барысында шәкірттерге ислам дінінің негізгі құндылықтары, имандылық, көркем мінез, әдептілік және адамгершілік қағидалары үйретіледі. Сонымен қатар Құран әліппесін меңгеру, діни білім алу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды ізгі қасиеттерге баулу көзделген.
Аталған игі бастаманың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына ұлттық және рухани құндылықтарды сіңіріп, жас жеткіншектерді білімге, ізгілікке және жауапкершілікке тәрбиелеу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы