Center Image
IHSAN.KZ
САРАН ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ «ЖАСТАР – РУХАНИЯТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
САРАН ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ «ЖАСТАР – РУХАНИЯТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік жастар күніне орай «Жастар – руханияттың шамшырағы» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Рухани шараның басты мақсаты – жастардың бойына имандылық пен ізгілік қасиеттерін сіңіру, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, өскелең ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке және қайырымдылыққа баулу.

Кездесу барысында жастарға рухани тәрбиенің маңыздылығы, көркем мінез, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, білімге ұмтылу және уақытты тиімді пайдаланудың мәні кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ жастарды қоғамға пайдалы, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын саналы азамат болуға үндейтін насихат айтылды.

Шара соңында жастарға арнайы ақ дастархан жайылып, еркін форматта рухани сұхбат өрбіді. Қатысушылар өзара пікір алмасып, бауырмалдық пен сыйластықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Аталған кездесу жастардың рухани танымын кеңейтіп, олардың арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz