Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында дәстүрлі футбол лигасы ұйымдастырылды.
Спорттық шараның басты мақсаты – жас буынды спортқа баулу, бос уақыттарын тиімді өткізуге шақыру, сондай-ақ жастар арасындағы достық, бірлік пен бауырмалдық қарым-қатынасты нығайту.
Тартысты өткен футбол додасында жастар өзара бақ сынасып, алаңда шеберліктері мен командалық ұйымшылдықтарын көрсетті. Қатысушылар жеңіске деген жігерін танытып, өзара сыйластық пен әділ бәсекелестіктің үлгісін көрсетті.
Аталған спорттық бастама жастардың дене белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың өзара ынтымағын нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы