Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен қаладағы «Nargiza» мейрамханасында «Ас беру мәдениеті» құжаты бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында құдайы асты ысырапқа жол бермей өткізу, қарапайымдылықты сақтау және ас беруді бәсекеге айналдырмау мәселелеріне назар аударылды. Марқұмды еске алудағы негізгі мақсат — дұға бағыштап, сауапты амал жасау екені түсіндірілді.
Сонымен қатар ас беру кезінде отбасының әлеуметтік жағдайын ескеріп, шамадан тыс шығынға ұрынбаудың маңыздылығы айтылды. Ұлттық дәстүр мен діни құндылықтар сабақтастығын сақтай отырып, ас беру мәдениетін қалыптастыру қажеттігі жеткізілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы