Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің жамағаты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дархан дала» жобасы аясында Тіленші би мен Алтынбай би кесенелеріне зиярат жасады.
Рухани-танымдық сапар барысында жамағатқа тарихи тұлғалардың өмір жолы, ел тарихындағы орны мен халқымызға қалдырған өнегелі мұрасы таныстырылды. Сондай-ақ зиярат жасаудың шариғаттағы әдептері түсіндіріліп, бабалар рухына Құран бағышталды.
Шара барысында ата-баба мұрасын ұлықтау, өткенге құрмет көрсету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тарихи орындарды қадірлеудің маңыздылығы насихатталды.
Аталған игі бастама жамағаттың тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық мұраға деген құрметін арттыруға, рухани сабақтастықты нығайтуға бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы