Абай аудандық мешітінің наиб имамы Нұрқанат Төлеутайұлы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту бағытында бірқатар шаралар ұйымдастыруда.
Атап айтқанда, мешіт қызметкері Қарағанды облысының футбол лигасының D дивизионында өнер көрсететін «DARIYA» футбол командасының өкілі ретінде жастарды спортқа баулу ісіне атсалысып келеді.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, футболға деген қызығушылығын арттыру және өзара бауырмалдықты нығайту мақсатында апта сайын футбол ойындарын өткізу, сондай-ақ дәстүрлі футбол лигасын ұйымдастыру жоспарлануда.
Аталған бастама жастарды салауатты өмір салтына үндеп, олардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы