Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданына қарасты Қарақұдық ауылдық мешітінде тазалық және көркейту жұмыстары ұйымдастырылды.
Игі шараға ауыл тұрғындары белсене атсалысып, мешіттің ішкі қабырғаларын ақтап, сырлау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ құлшылық үйінің ішін тазалап, жамағатқа қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Тазалық шарасы барысында ауыл тұрғындары алдағы сенбі күні ер азаматтардың қатысуымен мешіт ауласы мен сыртқы аумағында сенбілік жұмыстарын ұйымдастыруға келісті.
Аталған игі бастама ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағын нығайтып, Алла үйіне деген құрметтің жарқын үлгісін көрсетті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы