Center Image
IHSAN.KZ
«Өткенге құрмет – тіріге міндет»: Саран қалалық мешітінде тағылымды шара өтті
«Өткенге құрмет – тіріге міндет»: Саран қалалық мешітінде тағылымды шара өтті
Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты игі іс-шаралар жұмысы жүргізілді.
Аталған шараның басты мақсаты – ата-баба рухына құрмет көрсету, өткен тарихты ұлықтау, үлкенге ізет, кішіге құрмет таныту және қоғамда ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеу.
Шара барысында марқұм болған жандардың рухына Құран бағышталып, дұға жасалды. Сонымен қатар, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, марқұмдарды еске алу, тірілерге қамқорлық таныту сынды ізгі амалдардың маңыздылығы насихатталды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz