Center Image
IHSAN.KZ
«ҚАЗЫБЕК БИ» МЕШІТІНДЕ «МУНАББИХАТ» КІТАБЫ БОЙЫНША ДІНИ ДӘРІСТЕР ӨТУДЕ
«ҚАЗЫБЕК БИ» МЕШІТІНДЕ «МУНАББИХАТ» КІТАБЫ БОЙЫНША ДІНИ ДӘРІСТЕР ӨТУДЕ

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жамағаттың діни сауаттылығын арттыру және рухани білімін жетілдіру мақсатында «Мунаббихат» кітабы бойынша жүйелі діни дәрістер жүргізілуде.

Тағылымды дәрістерді мешіттің наиб имамы Дастан Жанқозыұлы өткізіп, жамағатқа кітапта қамтылған имандылық, көркем мінез, адамгершілік, тақуалық және ізгі амалдардың маңызы жөнінде насихат айтуда.

Дәріс барысында мұсылманның күнделікті өмірде ұстануы тиіс әдептері, жүрек тәрбиесі, нәпсіні тәрбиелеу және ізгі қасиеттерді бойға сіңіру мәселелері кеңінен түсіндірілуде.

Мұндай рухани сабақтар жамағаттың діни танымын кеңейтіп, ислам құндылықтарын тереңірек меңгеруіне ықпал етуде.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz