Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ: «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
ҚАРАҒАНДЫ: «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ  БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында облыстық клиникалық балалар ауруханасында ем алып жатқан бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.

Шара барысында кішкентай бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар, дәмді жемістер мен ойыншықтар тарту етілді.

Сонымен қатар, аниматорлар түрлі ойындар ұйымдастырып, балалардың көңілін көтерді. Түрлі қызықты ойындар мен көңілді сәттер бүлдіршіндерге ерекше әсер сыйлап, ауруханадағы күндерін шаттыққа бөледі.

Ізгілік пен мейірімділікті дәріптеген шараның соңында мекеме басшылығы мен ата-аналар ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорына шынайы алғыстарын білдірді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz