Абай орталық мешітінің ұстазы Көкебайқызы Нұризаның ұйымдастыруымен Абай қаласында мешіт жамағаттары арасында спорттық сайыс өтті.
Іс-шараға Ақтас мешітінің ұстазы Алмасқызы Амина бастаған жамағат арнайы қонақ ретінде шақырылды. Екі мешіттің жамағаты командаларға бөлініп, түрлі спорттық ойындар бойынша өзара бақ сынасты.
Спорттық сайыстың негізгі мақсаты – жамағат арасындағы бірлік пен бауырмалдықты нығайту, өзара сыйластықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсетті.
Осындай тағылымды шаралар мешіт жамағатының өзара жақындасуына, ынтымағының артуына және салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы