Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда Республика күніне орай футбол сайысы өтті
Теміртауда Республика күніне орай футбол сайысы өтті

25 қазан –  ұлттық мейрам Республика күніне орай Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында футболдан сайыс өтті.

Спорттық шараның мақсаты – жамағат арасындағы бауырмалдықты нығайту, бірлік пен ынтымақты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыс барысында қатысушылар өзара бақ сынап, достық пен татулықтың үлгісін көрсетті. Мұндай игі бастамалар жамағат арасындағы ауызбіршілікті арттырып, рухани құндылықтар мен салауатты өмір салтын қатар дәріптеуге ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz