18 қазан – Рухани келісім күніне орай Бұқар жырау ауданына қарасты Доскей ауылының «Тәшмолла» мешітінде мешіт имамы Мадияр Зульжаладдинұлының ұйымдастыруымен жамағат арасында футболдан сайыс өтті.
Шараның мақсаты – жамағат арасындағы бауырмалдықты нығайту, бірлік пен ынтымақты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Спорттық сайыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.
Осындай игі бастамалар қоғамдағы татулықты бекемдеп, жамағат арасындағы ауызбіршілікті арттыруға жол ашады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы