Қарағанды қалалық «Хазірет Әли» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы жамағатқа уақып қорының маңызы мен оның қоғамдағы рөлі туралы уағыз-насихат айтты.
Уағыз барысында уақыптың қайырымдылықты дамытудағы орны, оның діни және әлеуметтік маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар уақып арқылы мешіттердің қызметін қолдау, игі істердің үздіксіз жалғасуына үлес қосу және сауапты амалдардың ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы жөнінде айтылды.
Уақып – ел игілігіне қызмет ететін, қайырымы үзілмейтін сауапты істің бастауы.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы