Қарағанды облысы, Саран қаласында 18 қазан – Рухани келісім күніне орай тағылымы мол іс-шара өтті. Бұл күн – қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға, конфессияаралық келісім мен өзара құрметті дәріптеуге арналған маңызды мереке.
Рухани келісім – ел бірлігінің берік негізі. Әртүрлі дін өкілдерінің өзара түсіністігі мен сыйластығы қоғамдағы бейбітшілік пен ынтымақты нығайтуда ерекше рөл атқарады. Аталған мереке адамдарды ізгілікке, мейірімділікке, төзімділікке және ортақ құндылықтарды құрметтеуге үндейді.
Мереке аясында Саран қаласының бас имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы Саран қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапат – рухани құндылықтарды насихаттау, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту жолындағы еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі. Дін қызметкерлері халықты имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеуде және қоғамдағы татулықты сақтауда маңызды қызмет атқарады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы