Center Image
IHSAN.KZ
Байқадам ауылында ас беру мәдениеті түсіндірілді
Байқадам ауылында ас беру мәдениеті түсіндірілді

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Байқадам ауылындағы «Ғыйзат қажы» мешітінің ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарына ас беру мәдениетіне қатысты арнайы құжат таныстырылып, оның маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

Кездесу барысында құдайы ас берудегі ұлттық дәстүр мен діни тағылым, ысырапшылдыққа жол бермеу, қаралы үйге түсетін ауыртпалықты азайту және ас беруде қарапайымдылықты сақтау мәселелері сөз болды. Сондай-ақ тұрғындарға ас берудің негізгі мақсаты – марқұмға дұға бағыштап, сауапты амал жасау екені түсіндірілді.

Шараның мақсаты – халық арасында ас беру мәдениетін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және діни рәсімдерді шариғат талаптары мен дәстүр сабақтастығына сай өткізуге үндеу.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz