25 қазан – Республика күні қарсаңында және Рухани келісім күніне орай Бұқар Жырау ауданына қарасты Қушоқы кентінің мешіт имамы Бекболатов Асет Джумашевич кент әкімдігімен бірлесіп, жергілікті діни бірлестіктердің өкілдеріне азық-түлік себеттерін табыстады.
Қайырымдылық шарасы аясында сыйлықтар «Грейс» христиан миссионерлік шіркеуі» РҚБ-нің Қушоқы филиалының және «Иса Мәсіхтің Қасиетті Жүрегі» Рим-католиктік приходы» РҚБ-нің өкілдеріне берілді.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы өзара құрмет пен түсіністікті нығайту, дінаралық келісімді сақтау және ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы