Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде орыс ұлтының өкілі ислам дінін қабылдады. Дін қабылдау рәсімін мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы жүргізді.
Рәсім барысында мешіт имамы ислам дінінің негізгі ұстанымдары мен құндылықтары туралы ақпарат беріп, мұсылмандық жолдағы діни білімнің маңызын түсіндірді. Исламның адамды ізгілікке, көркем мінезге, мейірімділік пен өзара сыйластыққа үндейтінін жеткізді.
Ислам дінін қабылдаған жанға иманы берік болып, рухани өміріндегі жаңа қадамы жақсылыққа ұласуын тілейміз!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы